«Заң және Тәртіп» айлығы аясында, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес, кітапханада құқықтық бағыттағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана меңгерушісі Е.А. Иванко оқырмандарды заңнаманың негіздерімен таныстыратын басылымдар ұсынылған кітап көрмесін дайындады. Көрмеде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ құқықтық тақырыптағы басқа да кітаптар мен ақпараттық материалдар қойылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңға құрметпен қарауды тәрбиелеу және құқықтық тәртіп нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
«Заң және Тәртіп» айлығы аясында, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес, кітапханада құқықтық бағыттағы кітап көрмесі ұйымдастырылды#Адал_азамат #Заңментәртіп
