Өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын, патриоттық сезімін және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасын іске асыру аясында «№1 Смирнов орта мектебі» КММ оқушылары республикалық байқауларға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар дипломдармен марапатталды:I дәрежелі диплом иегерлері:Антоненко Анна, Ертай Алинұр, Жүсіпова Айлин.II дәрежелі диплом иегері:Абдрахманов Айсұлтан.Қатысушылардың жетекшісі -Дарья Юрьевна Найда.Аталған жетістіктер мектебіміздің оқушылары өз қабілеттерін белсенді түрде дамытып,еңбекқорлықты, жауапкершілікті және табысқа ұмтылысты танытып отырғанын көрсетеді, бұл «Адал азамат» бағдарламасының мақсаттарына толық сай келеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қолдау көрсетіп, ынтымақтастық танытқаны үшін ата-аналарға алғыс білдіреміз!
«Адал азамат» бағдарламасы аясындағы оқушылардың жетістіктері
