4 қазан күні мектебіміздің қабырғасында «Үй жануарларын қорғау күніне» арналған әңгіме өткізілді, оның мақсаты оқушыларда өздерінің сүйікті үй жануарларына деген жауапкершілік сезімін дамыту болды.
Жыл сайын бұл күн бүкіл әлемде тойланады. Бүгінгі күні өзекті болып отырған бұл мерекені ұйымдастыру идеясы алғаш рет 1931 жылы Флоренцияда өткен табиғатты қорғау қозғалысын қолдаушылардың халықаралық конгресінде көтерілді. Содан кейін әртүрлі табиғатты қорғау ұйымдары мен табиғатты қорғау қоғамдары адамдарда жер шарындағы барлық тіршілікке, соның ішінде үй жануарларына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған сан алуан бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендіктерін мәлімдеді. Балалар «Дүниежүзілік үй жануарлары күні» бейнеролигін көру арқылы мерекенің тарихы мен ерекшеліктері туралы толығырақ білді.
Әңгіме «Біз бағындырғандарымыз үшін жауаптымыз!» ұранымен өтті. Барлығына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!