7 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мектепалды даярлық сыныптарында ертеңгілік өтті.
Міндеттері: ана мен әжеге деген қамқорлық қарым-қатынасты тәрбиелеу. Балаларда жағымды эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру. 8 наурыз мерекесі туралы білімдерін пысықтау. Сахнада өнер көрсету қабілетін шыңдап, өзін сенімді сезіну. Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.
Балалар өздерінің тақпақтарымен, билерімен, әндерімен аналар мен әжелеріне көптеген жылы лебіздерін, нәзіктіктерін, ілтипатын білдірді. Балаларының өнерін тамашалаған көптеген аналардың көздеріне жас алды. Ал кейбір ойындарға ересектер балалармен бірдей қатысты. Ата-аналар балаларының жетістігіне дән риза болып, мақтанды.