15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Отбасы – жанның қозғалысы. Отбасы қоғаммен, мемлекетпен және үлкен әлемменен мыңдаған жіптермен байланысты. Ол мемлекеттік және қоғамдық өмірде болып жатқан барлық өзгерістерге сезімтал, ал отбасы ішіндегі процестер өз кезегінде қоғамға әсер етеді.
Бұл күні № 1 Смирнов орта мектебінде Аққайың ауданының Аналар кеңесі және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, тату және де үлгілі отбасылар бас қосты. Бұл – ұстаздар отбасы Сүйендіковтер, өмірлік тәжірибесі мол Аленовтер отбасы, интернационалдық Каташевтар отбасы, көпбалалы Есмұқановтар отбасы және жас Дүйсенбиновтер отбасы. Олар бақытты да берік отбасының сырлары, салт-дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдары туралы бөлісті. Аққайың аудандық аналар кеңесінің төрайымы Л.Т.Қыдықова, кеңес мүшесі Шарипова М.У., ішкі саясат маманы Мамбетова А.А., ЖРО басшысы Рахматуллаев В.Б. құттықтау сөз сөйледі. Нәтижесінде қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.