16 мамырда Смирнов №1 орта мектебінде Албекова Л.К. «Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жиналысы өтті.
Сабақтың мақсаты: ата-аналарда баласына қоршаған ортада жағымды қарым-қатынас орнатуға қолдау көрсету қабілетін дамыту.
Кездесу барысында бейнероликтер қаралып, кейстерге талдау жасалып, жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы ата-аналармен әңгіме жүргізілді.
Ұсынылған жағдаяттарды мұғалім мен ата-ана талдап «Дастархан басында», «Біз де бала болғанбыз…», «Досыңа қалай қарайтын едің?», «Достық бағдаршамы» деген сұрақтарға талдау жасап, олардың оңтайлы шешімін тапты.
Ата-аналар бұзақылық туралы, қазіргі ұрпақтың мінез-құлқы туралы, сыныпты хоббиіне қарай бөлу, жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдіріп, жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы өз пікірлерімен бөлісті. Талқылау нәтижесі қарым-қатынастың балалар үшін маңызды екеніне, ата-аналардың көмекке мұқтаж екендігіне, кеңестер беруге, балаларға хоббиі мен оқуына қолдау көрсетуге әкелді. Сабақ рефлексиямен аяқталды, онда әркім жасөспірімді тәрбиелеу туралы өз пікірін білдірді. Сабаққа қатысып, белсенділік танытқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!