«Отбасы өмір аясы»

19 маусымда «Алтын балалық шақ» онкүндігі аясында «Отбасы өмір аясы» зияткерлік ойыны өткізілді. Балалар «Ана» командасына және «Әке» командасына бөлінді. Сұрақтар әркім өзін көрсете алатындай, біздің қатысушыларымыздың жастағы құрамды ескере отырып болды. Оларға: ребустар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер ұсынылды. Балалар ынталықпен қатысты.
Сондай-ақ, бүгін балалармен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне бардық.
Барлық ізденімпаз келушілерді ДШСК өкілдері қарсы алып, экскурсия, нұсқамалық өткізіп, балалардың қауіпсіздік техникасын қадағалады.
Біздің назарымызға күрестен көрме қойылымын ұсынды. Балаларға спортшылардың өнерлері өте ұнады, қуаттанды, көбісі қызығушылық танытты және күрес сабақтарына баруды шешті.
Бізге теннис залы, күрес және би залы көрсетілді. Тренажер залында балалар жаттығып, барлық тренажерлерді сынап көрді.
Экскурсиядан кейін барлықтарын: «біз мұнда қашан ораламыз?» сұрағы мазалады, осындай экскурсияларды өте жақсы көреді.
Қайтар жолда балалар ДШСК барудан алған әсерлерімен бөлісті.

Қосымша ақпарат көздері