Бүгін 3 қазан 2024 жылы 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын Сақа» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 3- ші сыныптың 4 оқушысы қатысты. Өткізу уақыты 60 минут, барлығы 100 бал.
Тапсырмалар логикалық тапсырмалар мен жаттығулардан тұрды.
Олимпиада нәтижесінде 4 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 3 «Б» сынып оқушысы Жанбай Ғазиз 1 орын, Ахметжанов Алиахмет 3 «Б» сынып оқушысы 2 орын, Абдуалиева Аружан мен Киво Юлия 3 «А» сынып оқушылары 3 орын.
Жас математиктерді құттықтай отырып, келесі кезеңде сәттілік тілей отырып, олимпиаданың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!