2024 жылдың 02 қазанда 1«А» сынып оқушыларымен «Кітапханамен танысу» атты кітапхана сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты:
-оқушыларды кітапхана, кітапхана қоры, кітапхана бөлімдері туралы негізгі ұғымдарымен таныстыру.
-кітапхана ортасында өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларын дамыту және бекіту.
-балаларды кітапханадағы өзін- өзі ұстау және кітаптарды күту ережелерімен таныстыру.
Сондай-ақ кітапханашы сыпайлыққа, мейірімділікке, жауап беруге үйрететін ертегі кейіпкерлері туралы қызықты кітаптардың кітапханада бар екенін айтып өтті.
Сабақтың соңында әр оқушы өзінің сүйікті кітабы туралы айтып, сүйікті кейіпкерлерінің суретін салды.