Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Бимагамбетова Ж.О.
Қазанның 9- күні аудандық кітапханада “Тіл керуені” – атты отырыс өткізілді. Бұл Қазақстанда қазақ тілін дамыту, насихаттау және халық арасында оның мәртебесін көтеру мақсатында жүргізілетін ауқымды бағдарламалардың бірі. Бұл бастама қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы азаматтарды тіл үйренуге ынталандырады.
Бағдарламасының мақсаты қазақ тілін меңгеру қиындықтарына кезіккен азаматтарға тілді жеңіл әрі қолжетімді түрде үйрету. Әсіресе, орыс тілді қауымдастықтарға ерекше назар аударылады, сонымен қатар ауылдық жерлерде, қазақ тілінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі елде жоғары деңгейде көтеріліп келеді. Алайда, әлі де болса кейбір аймақтар мен қоғамның кейбір топтарында тілдік қиындықтар бар. “Тіл керуені” осындай мәселелерді шешу жолында үлкен қызмет атқарады. Бұл тек тіл үйрену бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтау, ұрпаққа тілді үйрету және Қазақстан халқын біріктіру бағытындағы маңызды қадам.
Бұл бағдарлама арқылы қазақ тілінің қоғамдағы рөлі артып, мемлекеттік тілге деген құрметтің ұлғаюына ықпал етеді.