2024 жылдың 1 қарашасында «Смирнов МГ» базасында IQanat олимпиадасының І туры өтті . IQanat Олимпиадасының бірегейлігі-академиялық жетістіктер мен мектептегі бағаларға қарамастан, әр баланың жеңіске жету мүмкіндігі бар. Дәстүрлі тестілеуден айырмашылығы IQanat тапсырмалары оқушылардың қабілеттерін бағалауға бағытталған: логикалық және математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру. Тапсырмалар 40 сұрақтан тұрды. Тапсырмаларға 80 минут бөлінді. Олимпиадаға Аққайың ауданының 8 сынып оқушылары қатысты. Біздің мектептен 6 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнен өткен қатысушылар облыстық турға қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!