2024 жылдың 12 қарашасында аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Смирнов №1 ОМ» КММ Әдістемелік десант ұйымдастырылды, оның құрамына АББ әдіскері Ж.А. Исенова , «Балапан» б/б әдіскері Б.Г Өтепбергенова және ауданын мектеп тәрбиешілері Н.Ю. Бескровная, М.Е. Красильникова, Р.С Мұқан.
Әдістемелік десанттың мақсаты – мектептің педагогикалық ұжымына білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялауға дайындық барысында тиімді әдістемелік көмек және қолдау көрсету.
Әдістемелік десант мүшелері оқу-тәрбие жұмысы жағынан да орасан зор жұмыс атқарды. Бұл соңғы 2 жылдағы Kundelik электронды журналының тексеруі, BilimClass журналының тексеруі, есеп беру құжаттамасын тексеру және соңында ұсыныстар берілді.
Мектепте тәрбие жұмысын жүргізуге практикалық көмек көрсету мақсатында психологиялық қызмет пен әлеуметтік педагогтың жұмысы қаралды.
Патриоттық жұмыс, мектептегі үйірмелер мен секциялардың, клубтардың жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, терроризмге қарсы қауіпсіздік, қамқоршылық кеңестердің жұмысы – осы мәселелердің барлығы өзекті. Аталған бағыттардың жұмысы бойынша кеңестер берілді.
Мектептің басты міндеті – оқушылардың білім сапасын арттыру, жоғары білімді, мәдениетті, адамгершілігі мол, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға тәрбиелеу.