15 қарашада нашақорлықтың алдын алу және оқушыларды есірткіні таратудағы жауапкершілік туралы ақпараттандыру мақсатында 7-9 сынып оқушылары арасында «Закладка» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильмде адам есірткіні пайдаланса, оны қандай зардаптар күтіп тұрғаны, есірткіні пайдаланғаны немесе таратқаны үшін болашақта қандай қылмыстық жауапкершілік күтіп тұрғаны туралы мәліметтер ашылады.Фильм нашақорлықпен ауыратын адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген. Оқушылар фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады, содан кейін оларды қызықтыратын сұрақтарды психолог Д.Ж.Бейсеноваға койды.