2024 жылдың 26 қарашасында Смирнов №1 орта мектебінің жоғары және кіші сынып оқушылары үшін кітапханашы А.Н.Алибаеваның «Әділеттікке адал бол, әрқашанда аяғына нық тұрасың» тақырыбында мектепішілік жиыны өтті.
5 «а» сынып оқушылары жиынды ұйымдастыруға көмектесті.
«Әділдік» – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастардың, заңдардың, бұйрықтардың нормалар мен талаптарға сәйкес келуі. Әділдік – бұл теңдікті, әділеттілікті және басқа адамдарға әділ қарым-қатынасты қамтитын ұғым. Бұл әрбір адам тең мүмкіндіктерге және өз құқықтарын құрметтеуге лайық деген сезім.