«Из первых уст: Солтүстік Қазақстан сепаристері» деректі фильмінің көрсетілімі

27 қарашада 9-11 сынып оқушылары үшін «Из первых уст: Солтүстік Қазақстан сепаристері» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Деректі фильм Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының тапсырысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының көмегімен дайындалған. Фильм барысында сепаратистер туралы ақпарат беріліп, нақты жағдайлар көрсетіледі. Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 2,5 жылда «сепаратистік әрекет» және «ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот әлі өз үкімін шығармаған ең «шу» қаһармандар өздерін «Петропавл еңбекшілері халық кеңесінің» мүшелері болды. Оқушылар мектеп психологының жетекшілігімен фильмді тамашалады, оны көру барысында пікірталас жүргізіп, даулы мәселелерді талқылады. Одан кейін олар өз ойларымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Қосымша ақпарат көздері