Жүрегі кең жандарға үлкен рахмет және құрмет

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлар күні. Бұл мерекенің толық атауы – Экономикалық және әлеуметтік даму үшін халықаралық еріктілер күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы оны енгізуді – 1985 жылы ұсынған болатын. Содан бері мереке өзінің ресми атауы мен халықаралық мәртебесін алды. Мейірімділік пен ынтымақтастықтың құндылығы артып келе жатқан әлемде еріктілер ерекше орын алады: олар мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсетуге дайын. Әлеуметтік волонтерлік қызмет қиындықтарға тап болған адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған. Бұл үміт береді және әлемде қолдау көрсетуге, көмектесуге дайын адамдардың әлі де бар екенін көрсетеді. Бұл жұмыс қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартып қана қоймай, әділетті және мейірімді қоғам құруға ықпал етеді. Осы сөзімізге дәлел ретінде биылғы жылдың көктемінде мыңдаған қазақстандықтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін жойған су тасқынының жағдайын мысалға келтіруге болады. Еріктілердің көмегінсіз біз тарихымыздағы осынау үлкен қасіретті еңсере алдық.Осы еріктілердің арасында Абдин Дамирдің жетекшілігімен «Көмек жақын» қозғалысының еріктілері құрылды. Бұл волонтерлік қозғалыс 2019 жылдың 5 маусымында құрылған. Қозғалыстың негізгі мақсаттары – материалдық көмек қана емес, моральдық көмек. Ал біздің ауылда Елена Юрьевна Гускова осы қозғалыс өкілдерінің мүшесінде бар екендігі өте қуантады. Өз кезегінде олар мұқтаж отбасыларға, біздің мектепте оқитын балаларға азық-түлік түрінде қолдан келгенше көмек көрсетеді. Ал бүгін олар қиын өмірлік жағдайына түскен және үш кәмелетке толмаған баласы бар отбасыға көмек көрсетті. Жүрегі кең жандарға мың алғыс, тағзым. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде волонтер екенімізді атап өткім келеді, ол күн сайын байқамай, мысалы сенбілікке шығу, қоршаған ортаны қорғау, үй шаруашылығында үлкендерге көмектесу сияқты көмек. Ендеше осы мейірімімізді әрқашан жүрегімізде сақтап, айналамызға жақсылық жасайық.

Қосымша ақпарат көздері