«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тренинг сабағы#нетоправдания

29 қарашада 7-сынып оқушылары үшін «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тренинг сабағы өтті.
Мақсаты: балалардың адам құқықтары, зорлық-зомбылық және оның түрлері туралы білімдерін бекіту; заңды мінез-құлық дағдыларын, өз бетінше шешім қабылдау және өз пікірін қорғау дағдыларын дамыту; оқушылардың коммуникативті қабілеттерін дамыту, адамдарға толеранттылыққа тәрбиелеу.
Тренинг барысында оқушылар зорлық-зомбылық түрлерімен танысты, зорлық-зомбылық туралы пікірталас алаңы өткізілді, онда балалар өз пікірлерімен, оқиғаларымен бөлісті. Осыдан кейін балалар психологпен бірлесе отырып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар не істеу керектігі туралы жадынама жасады. Осылайша, балаларды зорлық-зомбылықтың ықтимал түрлері туралы ақпараттандыру және зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда не істеу керектігінің алгоритмімен таныстырылып тренинг арқылы басты мақсатқа қол жеткізілді.

Қосымша ақпарат көздері