«Біз буллингке қарсымыз» тренингі

11 желтоқсанда 5 «б» сынып оқушыларымен «Біз буллингке қарсымыз» тренинг өткізілді. Тренинг аясында балалар буллингтің түрлері, оған қатысушылар қандай рөлдерді атқара алатыны туралы білімдерін кеңейтіп, өз тәжірибелерімен, пікірлерімен бөлісті. Кіріспе бөлімнен кейін балалар алған білімдері бойынша практикалық жаттығуды орындады. Осылайша, жаңа ақпараты бекітті. Содан кейін буллингтің себептерін ашуға көмектесетін психологиялық ойындар мен жаттығулар өткізілді.Тренигтің соңында психолог балаларға «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау» тақырыбына жадынамалар таратып берді.

Қосымша ақпарат көздері