Аңдармен сырласайық#Біртұтас_тәрбие

Балабақшада балалардың білім алу жолында ерекше мәні бар сабақтар өткізілуде. Осыған орай, қазақ тілі пәнінен “Аңдармен сырласайық” тақырыбындағы сабақ балалардың жануарлар әлемін тануына, олардың табиғи ерекшеліктерін түсінулеріне мүмкіндік берді. Сабақ барысында балалардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру және табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру басты мақсат болды.

Сабақтың құрылымы бірнеше кезеңдерден тұрды: алғашқы таныстыру, ән мен өлеңдер, түрлі ойындар және шығармашылық тапсырмалар. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – балаларға аңдардың түрлерін, олардың тіршілігін және табиғаттағы рөлін таныстыру болатын. “Аңдармен сырласайық” тақырыбы бойынша өткізілген сабақ балалардың білімін тереңдетуге, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Балалар аңдардың әртүрлі ерекшеліктері мен олардың тіршілігі туралы тереңірек мәліметтер алып, сол арқылы жануарлар әлеміне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырды. Бұл сабақ балалардың экологиялық білімдерін кеңейтумен қатар, қазақ тіліне деген сөздік қорын арттыра түседі.

Қазақ тілі мұғалімі: Бимагамбетова Ж.О.

Қосымша ақпарат көздері