Мектепке дейінгі тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар- практикумы

Мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық мәселесі қай уақытта да өзекті.Қазіргі уақытта білім беру ортасының сабақтастығы мен тұтастығын сақтау қажеттілігі Қазақстандағы білім беруді дамытудың маңызды басымдылықтарының бірі болып табылады.
24 желтоқсанда №2 Бескөл орта мектебінде «Ауыл мектептерінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді ұйымдастыруды жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру тәжірибесін беру.
Бұл семинарға «Смирнов №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Н.Н.Сабитова қатысты. Ең өзекті мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім берудің үйлесімділігін қамтамасыз ету жолдарын анықтау маңызды. Өйткені ынтымақтастық мәселесі өзекті болып табылады. Семинарда мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мәселелері талқыланып, спикерлер осы бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда ұсынылған тәжірибе шабыттандыратыны және одан әрі ынтымақтастықты ынталандыратыны сөзсіз.

Қосымша ақпарат көздері