2025 жылдың 17 қаңтарында мұғалімдердің аудандық пәндік олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың мәртебесін көтеру, кәсіби шеберлігін дәріптеу, тәжірибемен алмасу.
Тапсырмалар:
Ғылыми және пәндік білімі жоғары үздік мұғалімдерді анықтау.
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Мұғалімнің жеке өзін-өзі дамытуға негізделген жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Олимпиада екі кезеңде өтеді:
— бірінші кезең – аудандық – 2025 жылғы 17 қаңтар
— екінші кезең – облыстық – 2025 жылғы 30 қаңтар
Пәндер бойынша олимпиада: орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, математика, биология, химия, география. №3 мектеп, мектеп-гимназия және АББ мекемесінде өтті.
«Смирнов №1 орта мектебі» КММ-нен келесі мұғалімдер қатысты: ағылшын тілі И.Д. Урдабаева., математика пәні бойынша А.С. Сарсекеева .,тарих Д.С. Веселов., орыс тілі А.Н. Краснопольская., химия Л.Қ Калыкова., бастауыш сыныптар И.Н.Мельникова.
Орыс тілі мұғалімдері үшін тестілеуде 3 тапсырма блогы болды.
1-тапсырма – 20-30 сұрақ, 2-тапсырма – сұрақтарға жазбаша жауап беру, 3-тапсырма – 300-350 сөзден тұратын эссе жазу. Биология мұғалімдеріне арналған 2 блок тапсырмалар. 1 тапсырма – тестілеу, 2 тапсырма – сұрақтарға жазбаша жауап беру. Тарих, қазақ тілі, математика мұғалімдеріне арналған 1 тапсырма блогы – тестілеу. Тестілеу уақыты 1,5 сағат, орыс тілі мұғалімдеріне 3 сағат. Олимпиада қорытындысы бойынша Ләззат Қайсайқызы 1 орынға ие болды. Д.С. Веселов., А.С. Сарсекеева – екінші орын. Құттықтаймыз!