Қазақстандағы жұмысшы мамандықтары жылын мерекелеу аясында мектепте 0-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның жұмысшы мамандықтары» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оған балалар белсене қатысты. Бұл байқаудың мақсаты – оқушылар арасында беделін арттыру және жұмысшы мамандықтарын танымал ету. Байқау қорытындысы төмендегідей: мектепке дейінгі «Б» сынып оқушысы Савощик Матвей, 1ә сынып оқушысы Мақат Радмир, 3 сынып оқушысы Сыздықова Амира үшінші орынға, мектепалды даярлық «А» сынып оқушысы Есілбай Ернар, мектепалды даярлық «Б» сынып оқушысы Мамедов Давид және 2 «А» сынып оқушысы Кащенко Вадим екінші орынға, 4-сынып оқушысы Дадабаева Самийха І орынға иеленді. Қалған оқушыларға да белсенді қатысқаны үшін мадақтама қағаздар табысталды. Жеңімпаздарды құттықтап, оқуда және шығармашылықта табыс тілейміз!
«Қазақстанның жұмысшы мамандықтары» байқауының қорытындысы#Біртұтас_тәрбие
