8 наурызға арналған музыкалық ашық хат

6 наурызда «Смирнов №1 орта мектебі» КММ-де ең көктемгі мереке – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепалды сыныптың ұлдары өз аналарына, сыныптастарына және мұғалімдеріне ерекше сыйлық ретінде жарқын әрі жүрек тебірентерлік «8 наурызға арналған музыкалық ашық хат» шарасын ұйымдастырды.
Кішкентай джентльмендер қонақтарды өздерінің музыкалық нөмерлерімен, жарқын биімен және шын жүректен айтқан құттықтауларымен қуантты. Мерекеге ерекше жылулық сыйлаған балалардың өз қолдарымен жасаған сүйкімді сыйлықтары болды. Әрбір ананың жүзі мақтанышпен жарқырап, қыздар құттықтауларды күлімдеп, қуанышпен қабылдады.
Ер мұгалімдер ұжымы да шетте қалмады. Музыкалық жетекші жайлылық пен жылулық атмосферасын тудыратын әнді тамаша орындауымен барлығын қуантты.
Мерекенің қорытынды аккорды мектепалды сыныптарының барлық қыздары қатысқан «Нұрсұлу аруы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау болды. Апта бойы олар өздерінің таланттарын, шығармашылықтарын және сүйкімділігін көрсетті. Ұлдардың арасында жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша әр қатысушыға «Нұрсұлу аруы», «Көрермендер көзайымы аруы» және т.б. құрметті атақ берілді.
Бұл күн барлық қатысушыларды жылы және достық атмосферада біріктіретін нағыз қуаныш, сұлулық және көктемгі көңіл-күй мерекесі болды!

Қосымша ақпарат көздері