


Смирнов №1орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі басталды.Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, олардың тілдік дағдыларын дамыту және мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында бүгінгі күнге келесі іс -шаралар ұйымдастырылды:
Оқушылармен ата – аналар және әріптестердің тілдік дағдыларын дамыту және қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту және тілдік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру мақсатында «Бір жауап, бір бауырсақ» челленджі өтті.
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеу: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнерін таныстыру арқылы ұлттық маңыздылықты нығайту мақсатында «Туған тілім-тұғырым» тақырыбында стенд жасалды.
Қазақ тіліндегі әдебиетті насихаттау: Оқушыларды қазақ жазушыларының шығармаларымен таныстыру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастырТілдік іс-шараларды ұйымдастыру: ашық сабақтар, қызықты үзілістер,шығармашылық кештер,тіл байқаулары және басқа да іс-шаралар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Тәуелсіздік –тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік» деректі сөзімізбен мектепшілік линейка өткізілді. Линейкада 6 «А» сынып оқушылары ана тілі туралы тақпақтарын айтып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі домбырамен өлең айтты.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі оқушылардың тілдік және мәдени білімін кеңейтіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О.