


Челлендждің басты мақсаты – оқушылардың бойында өзара қамқорлық пен жауапкершілік сезімін ояту, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге назар аудару, сонымен қатар Наурыздың мәнін түсіндіру. Мектеп ұжымы мен оқушылары әлеуметтік жобаларға белсене атсалысып, мектеп аумағында және өз отбасыларында игі іс-шаралар ұйымдастырды.Наурыз мейрамы қарсаңында мектепте өткен қамқорлық күніне арналған челлендж оқушылардың өзара бірлігін арттырып, оларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиеледі. Бұл іс-шара мұқтаж жандарға көмек көрсету мен табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Наурыз мейрамы мен қамқорлық күнінің мәні тек мереке ғана емес, адамдардың бір-біріне деген мейірімі мен қамқорлығының символы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Бимагамбетова Ж. О.