
Біздің мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен шығармашылықтың әртүрлі түрлері бойынша мастер-класс өтті. Балалар сурет салу, жапсыру және сәндік-қолданбалы өнерде өздерін сынап көрді. Шығармашылық процесс қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы болды: балалар қиялын, моторикасын және өз қабілеттеріне деген сенімділігін дамытты.