Бұл іс-шара 5 «А» және 5 «Б» сыныптарының оқушылары арасында өткізілді. Оқушылар қазақ тілінің ерекшеліктерін, әдебиетіміздің бай мұрасын зерттеп, жаңа білімдермен танысып қана қоймай, әрі өз білімдерін көрсете алды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сөздік қорын молайту, тілді дұрыс қолдануға дағдыландыру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылды.
Шара барысында әр сынып өз топтарын құрып, әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беріп, сайысқа түсті. Оқушылар қазақ тілді терең меңгергендерін дәлелдеді. Сонымен қатар, ойындар мен сұрақ-жауап жұмыстары оқушылардың зейінін арттырып, олардың өзара пікір алмасуына жол ашты.
Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталды, бірақ бұл тек жеңіс пен жеңіліс мәселесі ғана емес, қазақ тілін тереңірек меңгеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты ояту болды. Оқушылар өздерінің әртүрлі кезеңдерде алған білімдерін біріктіріп, қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясындағы осындай іс-шаралар оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, болашақ ұрпақтың мәдениетіне оң әсерін тигізері сөзсіз.