«Абай оқулар» байқауының аудандық кезеңі

12 мамырда Аққайың аудандық мәдениет үйінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Байқау алты кезеңнен тұрды. Смирнов №1 мектебінен 8 сынып оқушысы  Рамазан Айғаным  «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша қатысты. Ол Абай Құнанбаевтың «Өзгеге көңілім тоярсың» әнін орындады. Сайыс қорытындысы бойынша Айғаным 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Алдағы кезеңге сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері