Ғылыми жобалардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау

2023 жылғы 30 мамырда Петропавл қаласында, Арт-орталықта ғылыми жобалардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Гречаников Леонид – «Смирнов орта мектебі №1» КММ түлегі республикада 3-орынды иеленді, ол қола медальмен, 3-дәрежелі дипломмен және 50 мың теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.

Леонидтің ғылыми жетекшісі – физика және информатика пәнінің мұғалімі Хамзин Азамат Ашкенович. 2022 жылы оның оқушысы – Кудьяров Данияр информатика бойынша «Билет в будущее» облыстық байқауының жеңімпазы атанды, оның осы мектепте жұмыс істеген екі жылы ішінде – екі жүлдегер оқушы болды! Мұғалімнің белсенді өмірлік ұстанымы бар, сонымен қатар ол облыстық семинар өткізіп, онда шеберлік сабағын көрсетті және алғыс хатпен марапатталды. Оқушылардың мұғалімді мойындауынан қымбат ештеңе жоқ! «Мұғалімдер, біз үшін – Сіз терезедегі жарықсыз..» – бұл жолдармен Азамат Ашкенович Хамзиннің қызметін дәл сипаттауға болады. Біздің мектеп түлектердің жетістіктерімен ғана емес, мұғалімдердің жетістіктерімен де мақтанады!  Бұған оның директоры бастаған мектеп әкімшілігі құрған біздің мектептің жайлы жағдайлары ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері