“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”

Бүгін, қыркүйектің 8-ші жұлдызында аудандық кітапханада “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” атты аудандық мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Біздің мектебіміздің намысын қорғауға 7-сынып оқушылары Бабинова Диана мен Есенбаева Диляра, 8-сынып оқушылары Мукатаев Алмаз бен Колесниченко Виолетта, 9 “а”-сынып оқушысы Судьин Андрей қатысты. Сайыста “Ана тілі”, “Туған жер”, “Родина”, “Чувство Родины”, “О, Казахстан! О Родина моя!” атты өлеңдер сахна төрінде шырқалды. Әділ қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, тиісті бағасын берді. Сайыстың қорытындысы бойынша Бабинова Диана 3 орын, Судьин Андрей 2 орынға ие болды.

Қосымша ақпарат көздері