«Қазақстанның өнерлі ұрпақтары»

Бүгін, қыркүйектің 15-ші жұлдызында мектебімізде Тілдер апталығының төңірегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукажанова Г.Е. «Қазақстанның өнерлі ұрпақтары» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларды мақсаттылыққа, өзіне деген сенімділікке, табандылыққа, еңбексүйгіштікке баулу; оқушыларға өнерді биік бағалауға, дәріптеуге тәрбиелеу. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Балалар көрермендерді еліміздің дарынды, өнерлі ұрпақтарымен таныстырды. Өз білген-тергендерін ортаға салып, өзгелермен бөлісті. Іс-шара барысында белсенді тақтадан презентация көрсетіліп, бейнероликтер тамашаланды.

Қосымша ақпарат көздері