Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс

6 қазан күні Смирнов №1 орта мектебінде ауданымыздың прокуроры Болатұлы Нұрберген Болатұлы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды. Әңгімелесу барысында көшеде болу уақытын шектеу, құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаға тартылу жасы және бұзақылықтың алдын алу мәселелері қозғалды. Дәріс соңында Нұрберген Болатұлы мектеп бітіруші түлектерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары оқу орындарына түсіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарына қосылуға шақырды.

Қосымша ақпарат көздері