Қазан айының 3-ші күні Смирнов №1 орта мектебінде testter.kz сайтында ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) аясында сынақ тестілеуі өтті, оған 4 және 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ББЖМ тапсырмаларының құрылымымен танысып, білімдерін сынады. Барлық қатысушылар сынақтан сәтті өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен bilimcenter.kz сайтында Смирнов №1 орта мектебінің оқушылары ББЖМ сынақ тестінен өтті .
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ – білім беру ұйымдарына тәуелсіз, білім алушылардың білім сапасының бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылатын білім сапасының жүйелі мониторингі.
ББЖМ функционалдық сауаттылықтың үш бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтиды: 4-сыныптардағы ББЖМ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты бойынша кешенді тестілеу түрінде жүзеге асырылады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы. . 9-сыныптардағы ББЖМ функционалдық сауаттылықтың үш бағыты бойынша оқыту тілінде АКТ-ны қолдану арқылы кешенді тестілеу түрінде жүзеге асырылады: оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі мәтіндер), математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы.
4 және 9-сынып оқушыларының барлығы сынақтан сәтті өтіп, жақсы нәтиже көрсетті.