Кәсіптік бағдар беру мамандарының Х мерейтойлық семинары

3-5 қараша аралығында елордамызда Назарбаев Университетінде «Кәсіптік бағдар – мектеп пен өмір арасындағы көпір» тақырыбында кәсіптік бағдар беру мамандарының Х мерейтойлық семинары өтті. Іс-шараны Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің халықаралық қауымдастығы (IASC) мен Назарбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының сапасын арттыру, қазіргі тенденциялар мен құралдарды талқылау, осы саладағы бар мәселелерді шешу. Семинарда кәсіптік бағдар беру, білім беру және бизнес саласындағы мамандар сөз сөйледі: мансап жаттықтырушысы, актриса, сценарист – Альмира Тұрсын, Ы. Алтынсарина атындағы Ұлттық білім академиясының біліктілікті арттыру институтының директоры Ғалымжанова Маржан Әнесқызы, Pincode.kz жобасының негізін қалаушы Балсұлу Тасболатова, Smartestprep LTD жобасының негізін қалаушы Лаура Вайгорова және т.б.

Қосымша ақпарат көздері