Astana IT University-дің кәсіптік бағдар беру вебинары

26 қазан күні Astana IT University-дің ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру вебинары өткізілді. Бұл IT саласындағы ең заманауи бағдарламалар бойынша мамандар дайындайтын жоғары оқу орын. Вебинарда келесі маңызды сұрақтар көтерілді:

  1. Астана IT университетінде оқудың артықшылықтары;
  2. Астана IT университетіне қалай түсуге болады;
  3. 2023 оқу жылында Астана IT университетіне мемлекеттік грант негізінде 1800 талапкер оқуға түсті. IT университетінде грантты қалай ұтып алуға болады?
  4. Информатика немесе физика?
  5. Студенттер үйінен бөлмені қалай алуға болады;
  6. Астана IT университетінің әскери кафедрасы;
  7. «AITU ICode» бағдарламалаудан республикалық олимпиада;
  8. Шетел университеттеріне академиялық ұтқырлыққа қалай баруға болады және басқа да көптеген сұрақтар.

Қосымша ақпарат көздері