29 қарашада Смирнов №1 орта мектебінде «ЗОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТ » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯСЫ аясында «Өз құқығыңды біл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Директордың Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыдыкова Л.Т өз сөзінде мына сұрақтарды қозғады: әрбір баланың қауіпсіз, үйлесімді және салауатты дамуын қалай қамтамасыз ету керек, ақпараттық қамту арқылы балалардың зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару және оған теріс көзқарасты қалыптастыру мәселелерін көтерді. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Сергазина Р.А. және РОО әдіскері Р.Б.Каримова. Балаларға қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтың, құмар ойындардың алдын алу, улы заттар мен вейпинг қолдану туралы ұсыныстар берілді. Мектеп президенті Андрей Судьин балаларды Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңының кейбір баптарымен таныстырды, балалар өкілі Абдуалиева Т жиналғандарды балалардың құқықтары туралы конвенцияны сақтауға шақырды. Бала, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау бойынша балалар өкілінің қызметі туралы айтты. Шара соңында әлеуметтік педагог К.К.Касенов балаларға сәттілік пен жақсы оқуға тілек білдірді.