«Парасатты азамат» бұрышы

« Смирнов №1 орта мектебі» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Үйірме мүшелері 7-10 сынып оқушылары болды.
Мектепте оқушылардың, педагогикалық ұжымның, жалпы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалды. «Парасатты азамат» бұрышы мектептің бірінші қабатында орналасқан.
Бұрыштың мақсаты: жас ұрпақты отансүйгіштікке, азаматтыққа, адам құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін құрметтеуге, адамгершілік сезімдері мен этикалық санасына, еңбексүйгіштікке, кітап оқуға, еңбек етуге, өмірге шығармашылық көзқарасқа, адалдыққа тәрбиелеу.

Қосымша ақпарат көздері