«Би шайқасы»

26 қаңтарда Смирнов №1орта мектебінде 5-10 сынып оқушылары арасында «Би шайқасы» өтті. Би байқауының мақсаты өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу және оқушылардың шығармашылық көріністеріне жағдай жасау болды.
Балалар үлкен қуанышпен қатысты, барлық сыныптар жақсы өнер көрсетті, көптеген жағымды эмоциялар алды, таңдануға және мақтауға лайық. Шайқасты көріп, балаларына қолдау көрсету үшін іс-шараға сынып жетекшілері келді. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды 10 сынып, 2 орынды 6 «А» сыныбы және 3 орынды 6″Б» сыныбы иеленді. Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен марапатталып, бағалы және тәтті сыйлықтарға ие болды.

Қосымша ақпарат көздері