Мәнерлеп оқу сайысы

31 қаңтарда Смирнов №1 орта мектебінде мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар Солтүстік Қазақстан облысының жазушылары В.Щукин, Ю.Гусинский, С.Баймұхаметов, Б.Петров, А.Пряников, М.Дәулетбаев, А.Хамидуллин, Ю.Поляков сияқты ақындардың өлеңдерін жатқа айту керек болды.
Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты – көркем оқу дағдыларын жетілдіру және дамыту.
Конкурстың мақсаттары:
− көркем оқу өнерін кеңінен насихаттау, оған деген қызығушылықты арттыру;
− негізгі өмірлік құндылықтарды, азаматтық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
− байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс 5-6-9 сынып оқушылары арасында өтті. Байқау қорытындысы: 1 орын – Қуанышева Нұрбақыт. 2 орын – Абаева Ясмин. 3 орын – Аубакирова Аяулым.

Қосымша ақпарат көздері