Челлендж «Оқуға құштар мектеп»

28 ақпан күні «9 ай – 9іс шара» жобасы аясында Смирнов №1 орта мектебінің балалары арасында «Оқуға құштар мектеп» челленджі өткізілді.
Челлендждің мақсаты: білім алушылар арасында оқу мәдениетінің деңгейін қалыптастыру және арттыру.
Челленджді өткізер алдында оқушылардың сүйікті кітабын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде балалар «Алпамыс батыр» ертегісін таңдады. Ертегіні оқымас бұрын Алпамыс батыр туралы кітаптар көрмесі жасалды, балаларға басты кейіпкер туралы ертегі көрсетілді, содан кейін олар осы ертегіні оқып, оқығандары туралы өз пікірлерін білдірді. Челленджді қорытындылай келе, балалар осы кітапты әлі оқитын балаларға өз тілектерін парақшаларға жазды.

Қосымша ақпарат көздері