«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

2023 жылы 7 наурызда «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілінің онкүндігі аясында үйде оқыту бойынша 7 «А» сынып оқушысы Кудряшова Анастасиямен «Егіннің бастары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Мақсаты – повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау. Ашық сабағымыздың басын Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» шығармасын оқумен басталды. Ары қарай барлық тапсырмаларды осы шығарманың негізінде орындадық. Сабақ барысында «Телефон», «Суреттер сөйлейді», «Дара диаграмма», «Төрт сөйлем», «Конверт» әдістерін қолдандық. Барлық дағдыларды қамтып, сабақтың мақсатына жеттік. Сабағымызды «Бас бармақ» әдісімен аяқтап, қорытындыладық.

Қосымша ақпарат көздері