Әкені көріп ұл өсер

4 қаңтарда № 1 Смирнов орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының отырысы өтті. Науразбаева Айнаш Умирзаковна » Әкені көріп ұл өсер.» атты отырысын өткізді.. Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға балалардың болашақ отбасылық өміріне қажетті қасиеттерін дамытуға жәрдемдесу. Отырысқа 5-9 сынып ата-аналары қатысты. Жиын барысында «Қазіргі әкеге қандай қасиеттер қажет» сауалнамасы өтті, ата-аналар топта жұмыс істеді. Ата-аналар «Әкелердің балалардың өміріне қатысуы туралы» бейнероликті көріп, ұл мен қызды тәрбиелеудегі әкенің рөлі туралы ұсыныстар берілді. Отырыс соңында «Болашақ әкені тәрбиелеу» чек-парағы жасалды, ата-аналарға белсенді қатысқаны үшін көп рахмет !

Қосымша ақпарат көздері