Кәсіптік бағдар беру экскурсиясы оқушылардың кәсіби бағдарының бір түрі ретінде

Кәсіптік бағдар беру экскурсиясы оқушылардың кәсіби бағдарының бір түрі ретінде
Мектеп оқушыларының жеке және кәсіби өзін-өзі анықтаудағы белсенділіктерін, таңдаған мамандығына деген ынталарын арттыруға, еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыруға ынталандыру мақсатында 20 ақпан күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде мектебіміздің түлектеріне экскурсия өткізілді. Шара барысында балалар әскери кафедрамен танысып, одан кейін жаңа оқу-зертханалық кешенін аралап, соңында, таныстыру мақсатында, әр факультеттен кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесшілер оларды өз ғимараттарына апарды.
Өткізілген экскурсиялар мектептегі кәсіптік бағдар берудің кешенді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және алдағы уақытта басқа оқу орындарына экскурсияларымен жалғасын табады.

Қосымша ақпарат көздері