«Алғыс айту» күні


1 наурызда №1 Смирнов орта мектебінде 5-9 сынып оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларда жақсы адами қарым-қатынас пен мейірімділікке баулу.
Концерттік бағдарламаға оқушылар қоршаған әлемге алғыс сөздер жазылған бейнероликтер түсіріп, соңында музыка жетекшісі Сәтжан Мұратқалиұлының орындауында «Атамекен» әні шырқалды.

Қосымша ақпарат көздері