«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Наурыз айының 5-ші жұлдызында біздің мектебімізде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Линейка барысында оқушылар қазақ тілінде мемлекеттік тіл, ана тілі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Мукажанова Г.Е. апталықтың жоспарымен таныстырды. Линейка бастауыш сыныптарда қалай өтсе, жоғары және орта буында да бөлек өткізілді. ӘБ жетекшісі оқушыларды апталық барысында белсенділік танытып, тапсырмаларды орындап, қазақша сөйлеуге шақырды.

Қосымша ақпарат көздері