«Көктем мен жаңару мерекесі Наурыз!»

13 наурыз күні мектеп кітапханасы Наурыз мерекесіне арналған «Көктем мен жаңару мерекесі Наурыз!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Оқушыларды Наурыз мейрамының тарихымен, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстыру.
Көрмеде қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін, халық өнеріне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікті арттыруға көмектесетін кітаптар қойылған.
Наурыз – қазақтардың да, Азияның көптеген халықтарының да бес мың жылдан астам уақыт тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы. Наурыз мейрамыны тілдік тамыры бар, ол табиғатқа табыну мерекесі.

Қосымша ақпарат көздері