Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырмайынша сапалы білім беру мүмкін емес. Ал бұл жерде аттестация мұғалімнің кәсібилігін арттырудың маңызды факторы болып табылады.
2024 жылдың 14 наурызында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аленова Кульзипа Ельтаевна Қазақстан Республикасы мұғалімдерін аттестациялаудың жаңа ережелері бойынша мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді.
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, қызметкердің іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалаудың қажеті жоқ. Үш жылда бір реттен кем емес ұзақтығы 72 сағаттан кем емес педагогикалық қызмет бейіні бойынша оқу нысанын, білім беру ұйымын, бағдарламасын еркін таңдай отырып, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мұғалім тек өз пәні бойынша сынақтан өтеді, оның қызметі туралы барлық ақпарат ұлттық платформа негізіндегі жеке кабинетінде болады, портфолио болмайды. Мұғалімдер өз оқушыларының жетістіктеріне сәйкес марапаттарға ие болады, бұл біліктілік санатын беруге әкеледі. Оқытушы-зерттеуші және магистр санаттарын бекітудің қажеті жоқ.
Ұлттық білім беру базасы арқылы мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі автоматтандырылады.
Жиын барысында мұғалімдер аттестаттаудағы жаңалықтармен таныстырылып, белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға жауаптар алынып, жаңалықтар талқыланды.