Ұлыстың ұлы күні

20 наурыз күні біздің мектебімізде «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті. Концертке 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Көрермендер қазақтың ұлттық киімімен ұлттық биді тамашалады. Сонымен қатар әсем ән шырқалды, тақырыпқа сай викториналық сұрақтар қойылды. Көрермендер қазақ биін тамашалады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері де назардан тыс қалмады. Сахнада тұсау кесу, беташар, сырға салу, бесікке бөлеу сынды дәстүрлеріміз көрсетілді. Мереке ойдағыдай өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.

Қосымша ақпарат көздері