«Жаңару күні»

19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн – жаңа идеялар мен құндылықтардың, алға қойған мақсаттардың жемісін беріп, өркендеуге жетелейтін кезі. Бұл да өткенді саралап, болашаққа жоспар құру кезеңі.
Наурыз мейрамы аясында 19 наурыз «Жаңару күні» күні болып жарияланса, осыған байланысты мектепте мектеп парламентінің қатысуымен «Адал азамат» іс-шарасы өтті.
Шараның мақсаты – қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыру, қоғамда отансүйгіштік, әділдік, кәсібилік, үнемшілдік, еңбексүйгіштік, ел мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты ең асыл қасиеттерді сіңіру.
Мектебіміздің жетекшілері «Наурыз» мейрамының қандай мейрам екенін білесің бе?атты сұрақ-жауап ойынына қатысты. Бұл өз кезегінде мейрамның тарихы, салт-дәстүрлері туралы білімін тексеру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін, қызығушылықтарын білдірді. Сондай-ақ бұл күні мектебіміздің үздіктері мен дарынды балалары жетістіктері үшін медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды

Қосымша ақпарат көздері