Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін

Наурыздың 13-күні Смирнов №1 орта мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында 4-сыныптар арасында «Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» атты сыныптан тыс жұмысы өткізілді. Іс-шараға әр сыныптан 6 оқушыдан қатысып өз білімдерін, қазақ тілін жас деңгейіне сай меңгергендігін көрсетті.

Іс-шара жеті кезеңнен тұрды. Әр кезеңде балалар өздерінің тапқырлығын, тілге байлығын, суреттен сөйлемдер құрай алатынын, адасқан әріптерді дұрыс тауып және ребус шешумен қатар  қазақ халқының «Тұсау кесу» салт дәстүрінде көрсете білді.

Жарыстың аты жарыс болғандықтан өз тапқырлығымен 4 «А» сынып бірінші орын, 4 «Б» сынып екінші орынға ие болды. Жарыс соңында балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Өткізген қазақ тілі мұғалімі Бимагамбетова Жанар Оразалыевна.

Қосымша ақпарат көздері